Басты Жаңалықтар Зейнеткерлер «Алтын жас» бағдарламасымен жұмысқа кіруге болады

Зейнеткерлер «Алтын жас» бағдарламасымен жұмысқа кіруге болады

Елімізде зейнет жасына жеткендер де, зейнетке дейінгі азаматтар да жұмыссыз қалмайды. Олар үшін «Алтын жас» және «Күміс жас» бағдарламалары қарастырылған. Осы жылдың өзінде «Алтын жас» жобасы аясында 500 зейнеткер жұмыс істеп жүр. Бағдарламаға қатысудың қандай шарттары бар, жалақы қалай төленеді? Толығарақ тілші материалында.

71 жастағы зейнеткер Хамиля Омарованың «Алтын жас» бағдарламасы бойынша еңбек етіп жүргеніне биыл екінші жыл. 20 немеренің әжесі жасы келгеніне қарамастан белсенді өмір салтын таңдаған.
Хамиля Омарова, зейнеткер:
Үйде отырғанда айтамын, жұмыс істегім келеді. Сендерді асырадым, сақтадым, өстім. Енді мен де жұмыс істегім келеді деп. Маған бір жұмыс табыңдар деп. Содан «Алтын жас» деген программа бар деп. Содан барып, осында келіп, сол жаққа барып бір келіп алды әйтеуір.
Бағдарламаға қатысу үшін азамат міндетті түрде зейнеткер болуы тиіс. Жалақысының 50 пайызы әкімдік қаражаты есебінен төленсе, қалған 50 пайызын жұмыс беруші аударады.
Жәнібек Жартай, жұмыс беруші:
2023 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін бізде 4 адам «Алтын жас» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасқан. Жалақыны біз мемлекет пен өзіміздің тарапымыздан 50/50 формуласы бойынша төлейміз. Яғни егер мысалға деп айтсақ иә, 200 мың болатын болса, 100 мыңы біз төлейміз, 100 мыңы мемлекет тарапынан. Бізге де жеке бизнес болғандықтан, жекеменшік субьект болғандықтан бізге де бұл өте үлкен көмегін береді.
Ал «Күміс жас» жобасы 50 жастан асқан, зейнетке дейінгі азаматтарға арналған. Бір мекемеде 3 жыл сапалы қызмет атқарса, зейнет жасына жеткенше сол қызметке тұрақтайды. Бүгінде бұл жоба аясында 2 мыңға жуық азамат еңбек етіп жүр.
Нұржан Сыздықов, облыстық еңбек мобильділігі орталығының директоры:
Мекемелермен 3 жылға келісім шартқа отырылады. Бірінші жылы 70 пайызға, екінші жылы 65 пайызға және 60 пайызға және де ол осы АЕК-тен аспайтындай жалақысын төлеп отырады. Мемлекет тарапынан және де жұмыс беруші өз тарапынан. Әрі қарай ол кісі 3 жылдан кейін тұрақты жұмысқа қалып, сол мекемеден әрі қарай зейнетке шығып кете алады.
«Алтын жас» бағдарламасы бойынша жұмысқа тұру үшін не істеу керек?  Ең алдымен «зейнеткер  жұмысқа орналасу туралы өтінішпен өңірдегі Мансап орталығына жүгінуі тиіс. Орталық қызметкерлері түйіндеме дайындауға және қолайлы жұмыс орнын таңдауға көмектесіп, жолдама береді. Содан соң зейнеткерді жұмысқа қабылдау үшін арнайы сұхбатқа шақырады. Кездесу сәтті болса, 3 жылдық екіжақты келісімшарт жасалып, зейнеткер тұрақты жұмысқа тұра алады.
Ақбота Шарибекқызы


Бөлісу