«Қазақстан» РТРК» АҚ Семей қаласындағы филиалы жылжымалы мүлік нысандарын сату бойынша аукцион өткізеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» АҚ Семей қаласындағы филиалы жылжымалы мүлік нысандарын сату бойынша аукцион өткізеді

29.11.2016
«Қазақстан» РТРК» АҚ Семей қаласындағы филиалы жылжымалы мүлік нысандарын сату бойынша аукцион өткізеді

«Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік қоғамының Семей қаласындағы филиалы жылжымалы мүлік нысандарын сату бойынша аукцион өткізетіні туралы хабарлайды.

Аукциондық сауда-саттық 2016 жылғы  14 желтоқсан күні, сағат 15:00-де Семей қаласы, Шугаев көшесі, 157 мекенжайы бойынша өтеді.

Аукцион өткізу фомасы және әдісі: голландтық  әдіс.

1 лот: 2004 жылы шығарылған ВАЗ 21213, мемлекеттік нөмірі F307AT, қозғалтқыш нөмірі 7737197, шынақ түрі: жол талғамайтын;

Бастапқы бағасы: 544320,00 теңге. Кепілдік жарна: 5443,00 теңге;

2 лот: 2002 жылғы шығарылған ВАЗ 21047, мемлекеттік нөмірі F688AN, қозғалтқыш нөмірі =03=6972422, шынақ түрі: универсал;

Бастапқы бағасы: 287280,00 теңге. Кепілдік жарна: 2873,00 теңге;

 

Аукционды  өткізу тәртібі және сауда-саттық жеңімпазын анықтау шарттары:

Саудаға қатысушы  ретінде тіркелу үшін  төмендегілерді  ұсынуы қажет:

1. Ережеге сәйкес, үлгі бойынша саудаға қатысу туралы өтініш;

2. Жеке тұлғалар үшін: төлқұжат немесе жеке тұлғаның жеке басын растайтын күәлігінің көшірмесі,  көрсетілген құжаттар түпнұсқасымен бірге салыстыру үшін ұсынылады немесе олардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері ұсынылады. Сонымен қатар, ағымдағы есепшотының барын растайтын банк анықтамасының түпнұсқасын тапсырады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырылғаннан кейін жеке тұлғаға қайтарылады;

Заңды тұлғалар үшін: жарғының көшірмесі, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден өткені туралы куәлік, көрсетілген құжаттар түпнұсқасымен бірге салыстыру үшін ұсынылады немесе олардың нотариалдық куәландырылған көшірмелері ұсынылады. Сонымен қатар, ағымдағы есепшотының барын растайтын банк анықтамасының түпнұсқасын тапсырады. Құжаттардың түпнұсқалары салыстырылғаннан кейін жеке тұлғаға қайтарылады;

3. Кепілдік жарна төленгенін растайтын төлем құжаттарының түпнұсқасы мен көшірмелері сауда өткізіліп болғаннан соң қатысушының келуі бойынша қайтарылады.

4. Заңды тұлға өкілінің құзыретін растайтын құжаттардың түпнұсқалары, сондай-ақ, заңды тұлға өкілінің жеке басын растайтын төлқұжат пен жеке куәлігінің көшірмелері салыстырғаннан кейін қайтарылатын түпнұсқалармен бірге ұсынылады немесе өкілінің жеке басын растайтын төлқұжат пен жеке куәлігінің нотариалды расталған көшірмелерін ұсынады.

Аукционға қатысу үшін өтініштер ақпараттық хабарлама таратылған сәттен бастап, Семей қаласы, Шугаев көшесі 157 мекенжайы бойынша қабылданады және аукцион басталғанға дейінгі бір сағатта аяқталады.

Кепілдік жарна салу үшін реквизиттер: БСН: 980641001186,

ЖСК KZ906010261000297419,  «Қазақстан Халық Банкі» АҚ,  КБе: 17, БСН: HSBKKZKX; Кепілдік жарна сомасына банк қызметтері үшін төлемдер кірмейді.

Ескертпе: Кепілдік жарна келесі жағдайларда қайтарылмайды:

1) Егер де ұтушы сауда-саттық шартына отырудан бас тартса;

2) Сауда-саттықа қатысушы ұш жұмыс күннен кем мерзімде қатысудан бас тартса;

3) Сатып алушы  сауда-саттық шартының шарттарын орындамаған кезде немесе лайықсыз орындаған кезде;

 

Қосымша ақпаратты  келесі телефондар бойынша алуға болады: 8(7222) 53-20-16; 53-14-13; e-mail: rtrk_gz@mail.ru        

Хабарламаларға жазылу