Бүгін - Сәкен Сейфуллин дүниеге келген күн - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін - Сәкен Сейфуллин дүниеге келген күн

14.10.2016
Бүгін - Сәкен Сейфуллин дүниеге келген күн

Ауыл әйелдерінің бүкіләлемдік күні

Аталмыш күнді атап өту идеясы 1995 жылы Бейжіңде өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының 4-ші әйелдер конференциясында ұсынылды және сол жылдан бастап атап өтіледі. 

Дүниежүзілік қол жуу күні

Біріккен Ұлттар Ұйымы, соның ішінде БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ), қазанның 15-ін Бүкіләлемдік қол жуу күні деп жариялады. 
Қолды сабынмен жуу - жыл сайын 3,5 миллион балалар өмірін қиятын түрлі аурулардың алдын алудағы неғұрлым тиімді және үнемді дауалардың бірі. Бүкіләлемдік қол жуу күні санитарлық тазалық пен гигиеналық дағдыларға шақырады. 

ь проь

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

55 жыл бұрын (1961) Целиноград қаласында (қазіргі Астана) Тың игерушілер сарайының құрылысы басталып, 1963 жылы аяқталды.

17 жыл бұрын (1999) Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданында қазақ батырлары Қарасай мен Ағыбайға мемориалдық кешен орнатылды.

17 жыл бұрын (1999) Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданындағы Тұрар Рысқұлов атындағы ауылда Мұхаммед Қайдар Дулатиға ескерткіш орнатылды.

17 жыл бұрын (1999) Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласындағы Маяковский көшесіне ақын Сабырхан Асановтың есімі берілді.

15 жыл бұрын (2001) Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты құрылды.

446 жыл бұрын (1570) Солтүстік Кореяның қазіргі астанасы Пхеньян қаласының негізі қаланды.

роб

435 жыл бұрын (1581) француз королевасы Екатерина Медичидің өтінішімен Парижде бірінші балет қойылды.

пртпр

350 жыл бұрын (1666) ағылшын королі Чарльз II үстіне жилет киіп, жаңа сән үлгісін шығарды.

ЕСІМДЕР

122 жыл бұрын (1894-1938) қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткері Сәкен СЕЙФУЛЛИН  дүниеге келген. 

ь№ж

111 жыл бұрын (1905-1995) ақын, журналист, Қазақстанның халық жазушысы Әбу (Әбуғали) СӘРСЕНБАЕВ  дүниеге келді. 

лдю№л

106 жыл бұрын (1910-1976) көрнекті қазақ ғалымы, Қазақстан Ғылым Академиясының корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Ысқақ Тәкімұлы ДҮЙСЕНБАЕВ  дүниеге келді. 

105 жыл бұрын (1911-1970) әдебиет зерттеушісі, сыншы, педагог, филология ғылымының докторы, Қазақ КСР ҒА-ның корреспондент мүшесі, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері Есмағамбет Самұратұлы ЫСМАЙЫЛОВ  дүниеге келді.

104 жыл бұрын (1912-1998) жазушы, аудармашы,  журналист, КСРО және Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Қарағанды қаласының құрметті азаматы Жайық БЕКТҰРОВ  дүниеге келді.

э\

103 жыл бұрын (1913-1980) актер, Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Қалкен Шәкенұлы ӘДІЛШІНОВ  дүниеге келді.

100 жыл бұрын (1916-1963) актриса, әнші, Қазақ КСР-інің халық әртісі Рахия Рысбайқызы ҚОЙШЫБАЕВА  дүниеге келді.

88 жыл бұрын (1928-1995) қазақстанның Халық суретшісі, кескіндемеші, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Камил Махмұтұлы ШАЯХМЕТОВ  дүниеге келді.

85 жыл бұрын (1931-1994) актриса, Қазақстанның халық әртісі Тұратай ИІСОВА  дүниеге келді.

80 жыл бұрын (1936-2007) жазушы, аудармашы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, тәуелсіз «Тарлан» сыйлығының лауреаты, Қазақстан Жазушылар одағының М.Әуезов атындағы әдеби сыйлығының лауреаты Сайын МҰРАТБЕКОВ  дүниеге келді.

77 жыл бұрын (1939) әдебиет зерттеушісі, профессор, жазушы Әуелхан ҚАЛИҰЛЫ  дүниеге келді.

77 жыл бұрын (1939-1996) актер, режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Жақып ОМАРОВ  дүниеге келген. 

74 жыл бұрын (1942-2015) танымал балалар хирургы, медицина ғылымдарының докторы, профессор Амангелді Дүйсекейұлы ДҮЙСЕКЕЕВ дүниеге келді.

73 жыл бұрын (1943) жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ахмади ЖАНАТ  дүниеге келді. 

67 жыл бұрын (1949) сәулетші-ғалым, философия ғылымдарының докторы, Сәулетшілер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының құрметті сәулетшісі Абай Қапанұлы АХМЕТЖАНОВ  дүниеге келді.

202 жыл бұрын (1814-1841) орыс ақыны, прозашы, драматург, суретші, офицер Михаил Юрьевич ЛЕРМОНТОВ  дүниеге  келді. 

бол

172 жыл бұрын (1844-1900) неміс философы, ақын Фридрих Вильгельм НИЦШЕ  дүниеге келді.

юо

Хабарламаларға жазылу