Сәкен Сейфуллиннің 120 жылдығына орай «Сыр сандықты ашып қара» атты әдеби-музыкалық кеш өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сәкен Сейфуллиннің 120 жылдығына орай «Сыр сандықты ашып қара» атты әдеби-музыкалық кеш өтеді

07.10.2014
Сәкен Сейфуллиннің 120 жылдығына орай «Сыр сандықты ашып қара» атты әдеби-музыкалық кеш өтеді

Биыл - ақын, қоғам және мемлекет қайраткері Сәкен Сейфуллиннің туғанына 120 жыл. Ақын 1894 жылы 15 қазанда дүниеге келген.  Атаулы датаға орай 15 қазанда Астана Ұлттық сурет галереясының концерт залында «Сыр сандықты ашып қара» атты әдеби-музыкалық кеш өтеді. Кешке зиялы қауым өкілдері, эстрада жұлдыздары қатыспақ. Бұл туралы Сәкен Сейфуллин мұражайының директоры Несіпбек Айтұлы «Шалқар» ұлттық арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Сондай-ақ, 15 қазанда «Сәкен мұражайы» альбомының тұсаукесер рәсімі өтпек. Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Сәкен оқулары» байқауының жеңімпаздары да осы күні марапатталады.

Айта кетейік, ақынның 120 жылдығына орай Серік Оспановтың «Сәкеннің музыкалық мұралары» зерттеу еңбегі жарық көрді.

Хабарламаларға жазылу