Басты Жаңалықтар Саксофоншы Нина Моисеева ертең «Таңшолпан» көрермендеріне авторлық әнін тарту етеді

Саксофоншы Нина Моисеева ертең «Таңшолпан» көрермендеріне авторлық әнін тарту етеді

Саксофоншы Нина Моисеева ертең «Таңшолпан» көрермендеріне авторлық әнін тарту етеді

Еліміздің таңдаулы театрларының репертуарлары жаңа туындылармен толықты. Танымал романстар мен әндерді тыңдап, әсерлі қойылым көруге асығыңыз!

Әнші, саксофоншы Нина Моисеева Ұлттық арна көрермендеріне авторлық әнін тарту етеді.

Қалаған сызбаңызды сызып беретін суретші робот пайда болды. Бұл робот қалай басқарылады? Толық ақпаратты «Таңшолпаннан» көріңіз.

Денесі толық азаматтар сымбатты болып көріну үшін қандай киім таңдағаны жөн? Ал бойы ұзын жігіттерге қандай костюм жарасады?

kostium

Егер дабыл құрылғысы істен шығып, көлігіңіздің есігі ашылмай қалса не істеу керек? Қыс мезгілінің қиындықтарын шешуге арналған тиімді кеңестер ұсынамыз.

Фристайлдан еліміздің студенттік құрамасы Универсиада ойындарына тыңғылықты дайындалып жатыр. Спортшылардың әзірлігін әріптесіміз Еркебұлан Нұрекеш көріп қайтты.

Полиэтилен құбырлары қалай жасалады? Елордадағы экологиялық таза өнім шығаратын зауыт жұмысымен әріптесіміз таныстырады.

Жыртқыш аңдарды асырап көрмеген адам жергілікті цирктен 2 жолбарысты өз қамқорлығына алыпты. Жолбарыстармен бір шаңырақта тұру бұл отбасыға қауіп төндірмей ме?

Мамандығыңыз бойынша жалақысы жоғары жұмыс іздеп жүрсіз бе? Ендеше бос жұмыс орындарымен таныс болыңыз.

Көлікпен түрлі кедергілерден, қиын бұрылыстардан өтіп, нағыз жылдамдықты сезініңіз. Ралли-спринт автожарысы туралы «Таңшолпанда».

ralli

Дәмі тіл үйірер ерекше салат әзірлеп үйренгіңіз келе ме? Ендеше «таңғы ас» айдарын өткізіп алмаңыз!

Табиғи алма шырыны қалай дайындалады? Қораптарға құйылмас бұрын қандай тексерістен өтеді?

Ұйқының адам ағзасына әсері қандай?

07:00-10:00 аралығында Ұлттық арна қосулы болсын!

Бөлісу