Басты Жаңалықтар «Шалқар» радиосы тыңдармандарына жаңа жобалар ұсынады

«Шалқар» радиосы тыңдармандарына жаңа жобалар ұсынады

«Шалқар» радиосы тыңдармандарына жаңа жобалар ұсынады

«Шалқар» ұлттық радиосының эфирі жаңа жобалармен толықты.

Бұдан былай, бейсенбі сайын сағат 16:00-16:30 аралығында тікелей толқындағы «Заң және қоғам» бағдарламасына хабарласып, кәсіби заңгердің кеңесіне жүгіне аласыздар. Редактор-жүргізушісі - Мейрамгүл Исатайқызы.

Ал, жұма сайын, сағат 20:40-та Талант Арғынғалидың жүргізуінде «ЭКСПО апталығы» эфирге жол тартады.

Марал Жұмагелдіқызының «Тоқымқағар» балалар бағдарламасы сәрсенбі сайын, 20:40-та эфирде.

Сондай-ақ, аз ғана уақыт демалысқа шыққан «Тәулік тынысы» хабары да күнсайынғы жұмысын жалғастырады. Еліміздің қоғамдық-саяси, мәдени-рухани салаларындағы елеулі жаңалықтар - осы хабардың жүгі. Айтар ақпаратыңыз болса, 8 (717) 2 55-33-49 нөміріне хабарласыңыз.

Ұлттық радио әр шаңырақта қосулы болсын!

Бөлісу