ӘЧ-2018: Ұлттық құрама матчтарын «Kazsport» көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ӘЧ-2018: Ұлттық құрама матчтарын «Kazsport» көрсетеді

15.09.2016
ӘЧ-2018: Ұлттық құрама матчтарын «Kazsport» көрсетеді

Футболдан 2018 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан құрамасының барлық ойындарын «Kazsport» телеарнасы тікелей таратады. 

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрайымы Нұржан Мұхамеджанова мәлім етті.

«Kazsport» телеарнасының 2016-2017 жылдарға арналған маусымы өте қызық болады. Телекөрермендеріміз футболдан 2018 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан ұлттық құрамасының барлық ойындарын тамашалай алады. Қазақстан-Польша арасындағы алғашқы ойынды тамашаладыңыздар»,-деді өткен матчты еске салған Н.Мұхамеджанова.

Жалпы, «Kazsport» арнасы 2018 жылғы Әлем чемпионатынан 9 ойынды тікелей таратады.

Футболдан 2018 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы мына кестеге сай алаңға шығады:

2016 жыл, 8 қазан - Черногория - Қазақстан

2016 жыл, 11 қазан -Қазақстан - Румыния

2016 жыл, 11 қараша - Дания - Қазақстан

2017 жыл, 26 наурыз - Армения - Қазақстан

2017 жыл, 10 маусым- Қазақстан - Дания

2017 жыл, 1 қыркүйек- Қазақстан - Черногория

2017 жыл, 4 қыркүйек - Польша - Қазақстан

2017 жыл, 5 қазан - Румыния -Қазақстан

2017 жыл, 8 қазан- Қазақстан - Армения.

ьлдолд

гшдгш

глн

 

 

рьпр

Хабарламаларға жазылу