«Kazsport» арнасы «Барыс» хоккей клубының плей-офф матчтарын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Kazsport» арнасы «Барыс» хоккей клубының плей-офф матчтарын тікелей эфирде көрсетеді

21.02.2017
«Kazsport» арнасы «Барыс» хоккей клубының плей-офф матчтарын тікелей эфирде көрсетеді

Елордалық «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасы тұрақты чемпионатының қорытындысы бойыншы бесінші орын иеленді.

Қазір Эдуард Занковец ойыншылары плей-офф ойындарына дайындық үстінде. Олардың алғашқы қарсыластары - Челябинсктің «Трактор» командасы. 22,24 ақпанда қазақстандықтар қонақта ойнаса, 26, 28 ақпанда матчтар Астанада өтеді.

Егер жеңімпазды анықтау үшін төрт матчтан көп кездесу қажет болса, ойындар 2, 4 және 6 наурыз күндері өтеді.

 «Kazsport» арнасы барлық кездесулерді тікелей эфирде көрсетеді.

Астана уақыты бойынша көрсетілімдер кестесі:

22 ақпан - 19:50

24 ақпан - 17:20

26 ақпан - 16:50

28 ақпан - 19:20

Хабарламаларға жазылу