«Kazsport» телеарнасы шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының 2018 жылғы Олимпиада ойындарының іріктеу турнирі аясындағы матчтарын көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Kazsport» телеарнасы шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының 2018 жылғы Олимпиада ойындарының іріктеу турнирі аясындағы матчтарын көрсетеді

01.09.2016
«Kazsport»  телеарнасы шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының 2018 жылғы Олимпиада ойындарының іріктеу турнирі аясындағы матчтарын көрсетеді

1, 2 және 4 қыркүйек күндері «Kazsport» телеарнасы шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының 2018 жылғы Олимпиада ойындарының іріктеу турнирі аясындағы матчтарын көрсетеді.

Осло қаласында өтетін жарыста Андрей Назаров жаттықтыратын біздің жігіттер турнир қожайындары Норвегия құрамасынан бөлек, Италия және Франция командаларымен күш сынасады.

Турнир ережесі бойынша топтағы бірінші орынға ие болған құрама 2018 жылы Оңтүстік Кореяның Пхенчанг қаласында өтетін ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарындағы жолдаманың иесі атанады.

Олимпиадаға іріктеу турниріне қатысатын шайбалы хоккейден Қазақстан құрамасы:

Қақпашылар: Дмитрий Мальгин, Павел Полуэктов, Виталий Колесник.
ҚорғаушыларАлександр Липин, Максим Семенов, Роман Савченко, Дамир Рыспаев, Данияр Қайыров, Кевин Даллмэн, Мадияр Ибрайбеков, Артемий Лакиза, Вячеслав Трясунов. 
ШабуылшыларНайджел Доус, Брэндон Боченски, Роман Старченко, Евгений Рымарев, Александр Шин, Никита Михайлис, Дмитрий Гренц, Ярослав Евдокимов, Владимир Маркелов, Иван Кучин, Никита Иванов, Нұрсұлтан Белгібаев, Максим Худяков, Константин Пушкарев.

Олимпиадағы іріктеу турнирінің «Kazsport» телеарнасындағы көрсетілім кестесі

(Астана уақыты. Барлық ойындар тікелей эфирде көрсетіледі)

1 қыркүйек
00:00 Қазақстан - Норвегия

2 қыркүйек
20:00 Франция - Қазақстан

4 қыркүйек
15:30 Италия – Қазақстан

 

Хабарламаларға жазылу