Еуропа Лигасы. «Қайрат» командасының барлық ойындары көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еуропа Лигасы. «Қайрат» командасының барлық ойындары көрсетіледі

16.07.2015
Еуропа Лигасы. «Қайрат» командасының барлық ойындары көрсетіледі

«Қазақстан» телерадиокорпорациясы еуропалық спорт жарыстарында қазақстандық футболды қолдауға үлесін қосуда.

Корпорация мен «Қайрат» футбол клубы команданың УЕФА Еуропа Лигасының барлық кезеңіндегі (өз және сырт алаңдағы) матчтарын көрсету туралы келісімге қол қойды.

Айта кетейік, «KAZsport» телеарнасы бүгін «Қайрат» - «Алашкерт» ойынын сағат 20:35-те тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар, бұл ойынның қайталауын сенбі күні сағат 11:05-те тамашалай аласыздар.

Еске сала кетейік, Еуропа Лигасының бірінші кезеңінде «Қайрат» сербиялық «Црвена Звезда» командасын екі матч қорытындысы бойынша 4:1 есебімен ұтып, келесі кезеңге өткен еді.

Хабарламаларға жазылу