«Kazsport» Дэвис Кубогы аясындағы Сербия-Қазақстан матчтарын тікелей эфирде көрсетеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Kazsport» Дэвис Кубогы аясындағы Сербия-Қазақстан матчтарын тікелей эфирде көрсетеді

29.02.2016
«Kazsport» Дэвис Кубогы аясындағы Сербия-Қазақстан матчтарын тікелей эфирде көрсетеді

4-6 наурызда Белградта (Сербия) Дэвис Кубогының Әлемдік тобындағы 1/8 финалы аясында Сербия мен Қазақстан кездеседі.

Бұл матчтарды «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Көрсетілім кестесі:

4 наурыз (жұма)

18:50. Сербия-Қазақстан. 1-ші ойын. Тікелей эфир

21:30. Сербия-Қазақстан. 2-ші ойын. Тікелей эфир

5 наурыз (сенбі)

19:55. Сербия-Қазақстан. 3-ші ойын. Тікелей эфир

6 наурыз

17:50. Сербия-Қазақстан. 4-ші ойын. Тікелей эфир

20:35. Сербия-Қазақстан. 5-ші ойын. Тікелей эфир

Қазақстан Ұлттық құрамасының капитаны Диас Досқараев сербиялықтарға қарсы матчқа Михаил Кукушкин, Александр Недовесов, Андрей Голубев пен Дмитрий Попконы шақырған.

Ал, Сербия сапында әлемнің 1-ші ракеткасы Новак Джокович, Виктор Троицки, Филип Крайинович және Ненад Зимонич ойнайтын болды.

Еске сала кетейік, 2015 жылы қазақстандық теннисшілер Дэвис Кубогының ширек финалында Австралия құрамасына 3:2 есебімен есе жіберген еді.

Теннистен Қазақстанның ерлер құрамасы 6-шы жыл қатарынан әлемдік элитада ойнауда. Бұл уақыт аралығында спортшыларымыз турнирдің ширек финалына 4 рет шықты. 

Хабарламаларға жазылу