«Азат елдің ар-намысы - Ата Заң!». Айбатыр Сейтақ (ВИДЕО)
Еліне арналатын тілегі шын,
Ей, ұлым – Отанымның түлегісің!
Іргесін туған елдің тіреп тұрған
Қадірін Ата Заңның білемісің?!
Бағынған өз заңына жұмыр ғалам,
Сондықтан Күннен Жерім суынбаған.
Қоғамның сан саласын реттейтін,
Әрбір заң Ата Заңнан туындаған.
Бастайтын болашаққа бақ кемені,
Осы жол халықтың да нақ сенері.
«Халқыма адалмын!» деп Ата Заңға,
Елбасы қолын қойып, Ант береді.
Нұр шашқан жас ұрпақтың ұғымына,
Тікелей әсер еткен ғұмырына
Айналды Ата Заңым мызғымайтын,
Тәуелсіз мемлекеттің тұғырына!
Өркендеп өз қолына алған ісі,
Биікке қазағымның самға, құсы!
Халық боп қадір тұтып, қастерлеген,
Ата Заң – азат елдің ар-намысы!
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық банк: Теңге тұрақты валюталардың біріне айналды
01.04.2026, 20:15
Алтын шамамен 19 пайызға арзандаған
01.04.2026, 20:14
1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгерді
01.04.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына шолу
01.04.2026, 20:13
Дубайға қатынайтын ұшақтар сәуірдің соңына дейін тоқтатылды
01.04.2026, 20:11
БҚО-да жол апатынан жарақат алған 4 бала ауруханада жатыр
01.04.2026, 20:09
Жол қауіпсіздігін күшейтетін ауқымды операция басталды
01.04.2026, 20:08
Президент Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы елшісін қабылдады
01.04.2026, 20:00