Басты Жаңалықтар Жол қауіпсіздігін күшейтетін ауқымды операция басталды

Жол қауіпсіздігін күшейтетін ауқымды операция басталды

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында болған жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы, жалпы қаладағы жол қозғалысындағы қауіпсіздікті күшейту мақсатында ауқымды операция басталды. Алматыда «Стоп-бұзушылық» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. 1-10 сәуір аралығында өтетін науқанға орай полицияның кешенді және қосымша күштері қатысқан бірыңғай гарнизондық саптық жиын ұйымдастырылды. Мегаполиске Астана қаласы мен Ақмола, Қарағанды және Жамбыл облыстарынан қосымша бөлімшелер жұмылдырылды. Негізгі мақсат – құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қозғалысы қауіпсіздігін күшейту. Саптық жиын барлық тартылған күштердің өзара үйлесімділігін арттырып, күшейтілген режимде қызмет атқаруға дайындықты пысықтауға мүмкіндік берді.

Салтанат Әзірбек, қалалық Полиция департаментінің ресми өкілі:

Мақсат - жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қандай да бір құқықбұзушылықтардың алдын алуға тиімді процедура. Бұл қызметкерлердің жұмыс сапасы жағынан ілгері десек болады. Сондықтан осы полиция қызметкерлері Алматы қаласындағы тыныштықты осы 10 күн ішінде күзетеді.


Бөлісу