БҚО-да жол апатынан жарақат алған 4 бала ауруханада жатыр
Батыс Қазақстан облысында мектеп автобусының апатынан кейін ауруханаға түскен төрт баланың жағдайы бір қалыпты.
Теректі ауданы Подстепное кентінде болған жол апатында барлығы 30 адам зардап шеккен. Оның 23-і – бала. Төртеуі ауруханада бас-ми жарақаты диагнозымен ем алып жатыр. Қалған 19 бала мен 7 ересек адам дәрігерге қаралып, үйіне жіберілген. Кеше қоғамдық көлік мектеп автобусын түйіп, ол бағдаршамда тұрған жеңіл көлікке соғылған еді. Жол апатында қаза тапқандар жоқ. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қоғамдық көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Автор
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17