Президент Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы елшісін қабылдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Файсал Әл-Кахтаниді қабылдады. Кездесуде Мемлекет басшысы қос ел арасындағы ынтымақты жан-жақты нығайтуға ерекше мән беретінін атап өтті. Сондай-ақ тақ мұрагері, Премьер-министр Мұхаммед бен Салман Әл Саудтың екіжақты қатынастарды дамытудағы маңызды рөліне жоғары баға берді. Өз кезегінде елші Файсал Әл-Кахтани Сауд Арабиясының Қазақстанмен стратегиялық серіктестікті тереңдетуге ниетті екенін жеткізді. Тараптар өңірлік қауіпсіздік мәселелерін де талқылады. Елші Қазақстанның қолдауына ризашылық білдіріп, Түркістанда бітімгерлік келіссөздер өткізу бастамасын құптады.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01