«Алашұлы» тобы – «Угәй» - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Алашұлы» тобы – «Угәй»

19.08.2016
«Алашұлы» тобы – «Угәй»

Алатаудың неге жасаурып тұр жаны, жанары?

Салихалы жұрттың балалары қайда барады, саналы?

Сарқылған ба Аралы?

Аруларым қайда кең даламыздың кермаралы, бағалы?

Кейбір сұлуларды көрген кезде намыс алауы жанады,

Жанымыз жаралы.

 

Қайырмасы:

Хәй угәй (x5) әнім болып қалсаңшы-ау,

Хәй угәй (x6) әнге салсаңшы-ау, әридай-оу

Хәй угәй (x5) әнім болып қалсаңшы-ау

Хәй угәй (x6) әнге салсаңшы-ау, әридай-оу

 

Құдайым деп бастап угәйімді деп айтам жырымды, жырымды,

Әлімсақтан батыр қазақ еді, қайсар тұғырлы, білімді.

Халқым қандай бүгінгі

Ұлдарымыз құтты, жүректері түкті, білікті, тұлымды,

Қыздарымыз біздің инабатты, сұлу, қылықты, бұрымды,

Ұмытпаңдар тіліңді!

 

Қайырмасы:

Хәй угәй (x5) әнім болып қалсаңшы-ау,

Хәй угәй (x6) әнге салсаңшы-ау, әридай-оу

Хәй угәй (x5) әнім болып қалсаңшы-ау

Хәй угәй (x6) әнге салсаңшы-ау, әридай-оу

 

Сөзімді тыңда, сөйлейін мен халқым,

Данышпан ақын Абай атам хәкім.

Демеп пе еді, «Өлеңге таласады әркім»

Ерліктің дастаны

Қазақтың жастары,

Есіңнен шықпасын дәстүрің, салтың,

Жүректерің соқсын, жерім деп, елім деп, бір

Батыс деп адаспай бабаң жүрген жолмен жүр,

Құлақ сал жырға!

Термейді күйге,

Дініңді біл, ана тіліңде сөйле!

Қазақтың әнін тыңда,

Қазақша биле!

 

Қайырмасы:

Хәй угәй (x5) әнім болып қалсаңшы-ау,

Хәй угәй (x6) әнге салсаңшы-ау, әридай-оу

Хәй угәй (x5) әнім болып қалсаңшы-ау

Хәй угәй (x6) әнге салсаңшы-ау, әридай-оу

Хабарламаларға жазылу