Бүгін Астанадағы «Студенттік» саябақта жастар акциясы өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Астанадағы «Студенттік» саябақта жастар акциясы өтеді

02.07.2015
Бүгін Астанадағы  «Студенттік» саябақта жастар акциясы өтеді
  •  
Бүгін Астана қаласының Тіл басқармасы «Студенттік» саябақта сағат 18:00-де  жастар акциясн  өткізеді. Шара барысында  «Алашұлы» тобы, «Формат» тобы, Маржан Арапбаева, Қайрат Баекенов, Шахаризат Сейдахмет, Әсем Омарова, «Ди-Арт» аспаптық триосы өнер көрсетеді.
 
Сондай-ақ, шараға  қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан, Мәжіліс депутаттары Бақытбек Смағұл, Оразкүл Асанғазы, ақын Қалқаман Сарин, Олимпиада жеңімпазы, боксшы Серік Сәпиев, «Қазақстан КВН» одағының президенті Есен Елеукен, театр және кино актері Дәурен Серғазин қатысады деп күтілуде.
 
Акция  аясында сағат 17.00-ден 18.00-ге дейін «Домбыра party» ұйымдастырылады. Шара  соңы жастарға арналған би кешімен жалғасады.

Хабарламаларға жазылу