Жаңажылдық кеште отандық шоу-бизнестің жарық жұлдыздары «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында кездеседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңажылдық кеште отандық шоу-бизнестің жарық жұлдыздары «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында кездеседі

21.12.2014
Жаңажылдық кеште отандық шоу-бизнестің жарық жұлдыздары «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында кездеседі

Түннің жартысына дейінгі және жартысынан кейінгі 4 сағат уақыт ішінде қазақстандық танымал жүргізушілер Нұрлан Қоянбаев, Тұрсынбек Қабатов пен Ләйла Сұлтанқызы жаңажылдық «Қош келдің, Жаңа жыл!» шоу бағдарламасында көрермендер назарына нағыз мерекелік көңіл-күй сыйлайды.

Айта кетерлігі, әйелдерге арналған «Әйел бақыты» ток-шоуының жүргізушісі Ләйла Сұлтанқызы телевизия саласында жұмыс істеген 17 жылда алғаш рет жаңажылдық бағдарламаның жүргізушісі ретінде көрермендер алдына шығады.

Ұлттық арна көрермендерін көптеген тосынсый күтіп тұр. Еліміздің басты жаңажылдық шоу бағдарламасы өтіп бара жатқан жылға жасалатын қорытынды іспеттес: жүргізушілер 2014 жылдың басты оқиғаларына тоқталып өтеді.

Елдің басты телеарнасында бокстан Әлем чемпионатының алтын медаль иегері Назым Қызайбай, отандық спорттың жаңа жарық жұлдызы – ауыр атлетикадан Әлем чемпионатының тұңғыш қазақ чемпионы Жасұлан Қыдырбаев, «Turkvizyon-2014» байқауының жеңімпазы Жанар Дұғалова қонақта болады.

Қайрат Баекенов, Ақылбек Жеменей, Асхат Тарғынов, Қайрат Нұртас, Әлішер Кәрімов, Бүркіт пен Айша, Алтынай Жорабаева, Заттыбек Көпбосынов, Ұлықпан Жолдасов, Серік Ибрагимов, «Жігіттер» квартеті, «Алашұлы» тобы ел арасында танымал болған әндерімен жаңажылдық шоу бағдарламаның екінші жартысын одан әрі жалғастырады.

Хабарламаларға жазылу