«Ұлы Дала дауысы». «Эстрадалық ән» және «Этноэстрадалық ән» аталымдары бойынша үміткерлерге дауыс беру жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ұлы Дала дауысы». «Эстрадалық ән» және «Этноэстрадалық ән» аталымдары бойынша үміткерлерге дауыс беру жалғасуда

21.09.2015
«Ұлы Дала дауысы». «Эстрадалық ән» және «Этноэстрадалық ән» аталымдары бойынша үміткерлерге дауыс беру жалғасуда

IV Халықаралық «Ұлы Дала дауысы» радиофестивалінің «Эстрадалық ән» және «Этноэстрадалық ән» аталымдары бойынша үміткерлерге дауыс беру жалғасуда.

Радиофестивальге қатысушыларға дауыс беру 1 қазанда тоқтатылады.

Ән додасында Төреғали Төреәлі, Серік Ибрагимов, Мәдина Сәдуақасова, «Жігіттер» квартеті, Айқын Төлепберген, «Melo'Men» тобы, Жазира Байырбекова, Ернар Айдар, «Rin'Go» тобы, Өмірқұл Айниязов, Ардақ Балажанова, Мөлдір Әуелбекова, Әлихан Дүйсенбай, Жаңабай Өтегенов,  «Алашұлы» тобы және т.б өнер жұлдыздары бақ сынауда.

Айта кетейік, интернет қолданушылар арасында көп дауыс жинаған үміткерлер 40 пайыздық дауысты иеленіп, жартылай финалға жолдама алады.

Үздік орындаушыларға http://daladauysy.kaztrk.kz сайты арқылы дауыс беруге болады.

Дауыс берудің қорытындысын Қазақ радиосының әуе толқынында әр бейсенбі күндері сағат 19:05-те өтетін «Ұлы Дала дауысының» күнделігінен» тыңдай аласыздар! Қазақ радиосы қосулы болсын!

Хабарламаларға жазылу