Бүгін «Таңшолпанда» «Алашұлы» тобы қонақта болды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Таңшолпанда» «Алашұлы» тобы қонақта болды (ВИДЕО)

30.10.2015
Бүгін «Таңшолпанда» «Алашұлы» тобы қонақта болды (ВИДЕО)

Бүгін «Таңшолпан»  бағдарламасында «Алашұлы» тобы қонақта болып, Башқұртстанға жасаған гастрольдік сапары туралы әңгімеледі.

«Башқұртстанның Уфа қаласында өткен Халықаралық этно фестивальге  қатыстық. Көптеген елден қатысушылар келді. Біз Қазақстан атынан  шықтық. Керемет әсермен оралдық», - дейді топ мүшесі Әзімбек Байлин.

Шара барысында «Алашұлы» тобы жарты сағаттық бағдарлама ұсынған.

 «Фестивальге арнайы жарты сағаттық бағдарлама жасадық. Махамбет Өтемісұлы және Ақтаң Керейұлының және соңғы кездері репертуарымызға қосқан авторлық әндерімізді орындадық», - деді Ұшқын  Жамалбек.

«Алашұлы» тобының соңғы жаңалықтарын «Таңшолпаннан» біле аласыздар. 

Хабарламаларға жазылу