Нижат Рахимов Қазақстан атынан алғаш рет Қытайда бақ сынаған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нижат Рахимов Қазақстан атынан алғаш рет Қытайда бақ сынаған

14.08.2016
Нижат Рахимов Қазақстан атынан алғаш рет Қытайда бақ сынаған

1993 жылы 13 тамызда Әзірбайжанның Баку қаласында дүниеге келген.

Спорттық мансабы:

2010 жылғы мамыр айында Валенсияда жасөспірімдер арасында өткен Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде 290 кг нәтижесімен бірінші орын иеленді.

2010 жылғы 17 тамызда Сингапурде өткен жасөспірімдер арасындағы Жазғы Олимпиадада жеңімпаз атанды. Жаттықтырушысы екі дүркін Әлем чемпионы Низами Пашаев болатын.

2014 жылды тамыз айында Ниджат Ұлттық құраманың атынан өнер көрсетуге келісіп, Қазақстан азаматтығын алды. Екі жылдық дисквалификация аяқталған соң, Рахимов Қытайда өткен Гран-при жарысында алғаш рет Қазақстан құрамасы атынан өнер көрсетіп, 85 келіге дейінгі салмақ санатында  4-ші орынды иеленді.

2015 жылы қарашада Хьюстондағы Әлем чемпионатында ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы сапында Әлем чемпионы атанды. АҚШ жерінде Рахимов серпе көтеруде қоссайыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсетті.

Рио-де-Жанейродағы XXXI Жазғы Олимпиада ойындарының қатысушысы.

Хабарламаларға жазылу