Бүгін Мемлекет басшысының Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары басталды
Қазақстан мен Араб Әмірліктерінің арасындағы саяси ынтымақтастық 1992-ші жылдан бері тұрақты дамып келеді. Өткен жылы екі ел арасындағы сауда-саттық үш жүз миллион доллардан асты.
Сонымен қатар, Араб Әмірліктері Елордада бой көтеріп жатқан бірқатар әкімшілік ғимараттарының құрылысына қаржы бөліп отыр. Осыдан біраз жыл бұрын екі ел басшылары Қазақстанда алюминий зауыты, фармацевтикалық зауыт, мұнай-химия кешенін салу және Астананың инфрақұрылымын дамыту жөніндегі келісімдерге қол қойған.
Осы жолғы сапар кезінде аталған жоспарлардың жобасы пысықталып, алдағы күндердің еншісіндегі мақсат-міндеттер анықталды.
Бақытжан ОМАР
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Туған үш ағайынды бір әскери бөлімде борышын өтеуде
02.05.2026, 20:08
Қауіпсіздігі жоғары композиттік газ баллондары өндіріледі
02.05.2026, 20:07
Балық аулауға уақытша тыйым салынды
02.05.2026, 20:05
Нөсер жауыннан өзендер тасып, екі көпірді шайып кетті
02.05.2026, 20:05
Халықаралық келіссөз: Польшада ұсталған қазақстандық бостандыққа шықты
02.05.2026, 20:02
Қазақ тазысы 2035 жылы әлемдік деңгейде мойындалуы мүмкін
02.05.2026, 20:01
Павлодарда «Бірге еккен бір ағаш» экологиялық акциясы өтті
02.05.2026, 18:49
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні
01.05.2026, 20:41