Қытайлық аспаз қазақ-қытай ынтымақтастығына арналған тағам дайындады. Дуань Шудун аспаздық өнерінің туындысын 28 мамырда Алматыдағы Battle BBQ-2016 бас аспаздардың байқауында таныстырды, деп хабарлады Синьхуа агенттігі.
Ганьсу провинциясында туған Дуань Шудун сиыр мен тауық етінен «Достық кемесі» тағамын әзірледі. Аспаз жаңа тағамды шығаруға жыл сайын нығайып келе жатқан қазақстандық-қытайлық ынтымақтастық шабыттандырғанын айтады.
«Аспаз болып жұмыс істегеніме 26 жыл болды. Бұл таңдауыма бір мезет те өкінген емеспін. Қазақстанға шақырту бойынша келдім. Мені жергілікті тағамдар қызықтырды. Ол қытайлық тағамдарға мүлде ұқсамайды. Алайда, Қазақстан мен Қытайдың дәстүрлерін біріктіретін бірнеше тағам дайындағым келеді. Мұндай алғашқы тағамды әзірлеп қойдым» - деді Дуань Шудун.
ҚазАқпарат