2020 жылы Токио қаласындағы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты өзгеше болуы мүмкін. Жапондық ALE Co компаниясы жасанды метеорит жаңбыр жаудыруды ұсынып отыр.
Токио аспанында жүздеген түрлі-түсті құлап жатқан жұлдыздар пайда болады. Sky Canvas жобасы метеорит жаңбырын құру технологиясын плазма атылуының көмегімен жасап жатыр.
Жобаның басшылары түрлі-түсті «құлап жатқан жұлдыздарды» алу үшін Жер орбитасына сан түрлі материалдардан жасалған мыңдаған «дөңгелектері» бар шағын спутникті ұшыруды ұсынды.
Жер бетінен 60-80 шақырым биіктікте бөлшектер өртене бастайды. Соның әсерінен аспан бірнеше секундта метеорлар алауына боялады. Бұл бөлшектер метеорлардан жылдамдығы баяу болғандықтан, жұлдызды жаңбыр ұзаққа созылады.
ALE-нің бағалауынша, шоуды Токио және оның маңындағы 30 000 000 адам тамашалай алады.