25 мамырда Қазақстанның барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

25 мамырда Қазақстанның барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғады

24.05.2016
25 мамырда Қазақстанның барлық мектептерінде соңғы қоңырау соғады

№75 мектеп-гимназиясын мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылғы 1 қыркүйекте ашқан. Гимназияда оқуға ынтасы жоғары балалармен жұмыс істеуге бағытталған «Эрудит» оқушылардың ғылыми қоғамы жұмыс істейді.

Осы жылы Қазақстанда: 9-сынып түлектері – 244 210 адам, 11-сынып түлектері - 127 411 адам, оның ішінде «Алтын белгіге» үміткерлер саны – 4832 адам.

ҰБТ 2-15 маусым аралығында өтеді. ҰБТ-дан 3 мыңнан астам түлектер босатылды, олардың арасында халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жарыстардың жеңімпаздары, халықаралық және НЗМ мектептерінің түлектері. Өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде жалпы білім беру мектептерінде оқитын 11-сынып оқушылары («Алтын белгі» және үздік аттестатқа үміткерлерден басқа) қалаған жағдайда ҰБТ-ны қазақ немесе орыс тілдерінде тапсыра алады.

Оқу жылын бітірген кезде оқушылар келесі емтихандарды тапсырады:

Келесі сыныпқа көшу емтихандары 5-8 және 10-сынып оқушылары 31 мамырға дейін (емтихандарды озат оқушылар тапсырмайды).

Бітіру емтиханын:

- 9-сынып – 30 мамырдан 15 маусымға дейін (3 міндетті емтихан мен ауызша емтихан 1-2 таңдау пәндері бойынша)

- 11-сынып -  1 маусымнан 20 маусымға дейін (4 мемлекеттік емтихан және 1-2 ауызша таңдау пәндері бойынша).

Бітіру іс-шарасы мемлекет бойынша 17 маусым күні өтетін болады.

Хабарламаларға жазылу