Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды

24.05.2016
Ауыл шаруашылығы министрі А.Мырзахметов Ақмола облысына жұмыс сапарымен барды

Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов жұмыс сапарымен Ақмола облысында болып,  аудан әкімдерімен  және ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшыларымен кездесті.

Жұмыс сапарын Ақкөл ауданынан бастаған министр «Еңбек» ЖШС егістік алқабында шаруалармен кездесті. Кездесуде егіншілік пен мал шаруашылығын дамыту және субсидия бөлу мәселелері сөз болды.

Осы күні Ауыл шаруашылығы министрі Ақкөл қаласында құрылысы тұралап қалған қуаты жылына 2200 тонна болатын голланд әдiсi бойынша көкөнiстердi өсiретiн «Жылыжай кешенi «EcoProduct» ЖШС жылыжай кешенін де көрді.

Сонымен қатар министр А.Мырзахметов өңірге сапары барысында Көкшетаудағы «Молоко Синегорья», «Бижан» және «Ақмола бидай» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің жұмысымен танысады деп жоспарланған.

 

Хабарламаларға жазылу