Жиі көрініс табатын фобия түрлері қандай? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жиі көрініс табатын фобия түрлері қандай? (ВИДЕО)

16.05.2016
 Жиі көрініс табатын фобия түрлері қандай? (ВИДЕО)

Фобия – белгілі бір уақыт ұзақтығы мен қорқудың тұрақтылығымен айқындалады. Яғни, адам саналы түрде тек бір ғана нәрседен қорқады. Әлемде фобияның 40 мыңға жуық түрі бар. Бүгінде оның 10 мыңы кеңінен таралған. Соның ішінде ең жиі көрініс табатын фобия түрлері төменде.

Соционетфобия

Қорқыныштың бұл түрі осы ғасырдан бастау алады. Әлеуметтік желілердегі парақшаларына тәуелді болып қалудан және парақшаларды бұзып кіретіндерден қорқатын адамдардың фобиясына  ғалымдар осындау атау берген.

Ценофобия

Бұл – бос бөлмеде отыра алмай, өзінен өзі үрейленетіндердің фобиясы. Жиһазы, интерьері жоқ бөлмелер бүгінде көпшіліктің көңіліне селкеу түсіреді екен.

Номофобия

Ұялы телефоны бар барлық адамдарда бар қорқыныш. Себебі, байланыс құралына тәуелді болып қалғандар телефонын үйге немесе басқа жерлерге қалдырып кетуден қорқады.

Киберфобия

Жастардан гөрі ересектер арасында жиі болатын қорқыныш. Ғаламторды пайдаланбайтындар үшін жаңа технологияны игеру – қиын әрі қорқынышты көрінеді екен.

Агменофобия

Бұл – кезек күткенді суқаны сүймейтіндерге арналған.

Айта кету керек, үрейленуден болатын психикалық ауытқу адамды ерте қартайтады. Толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз. 

Хабарламаларға жазылу