«Ақтөбенің айнасын» анықтауға атсалысыңыз - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Ақтөбенің айнасын» анықтауға атсалысыңыз

06.05.2016
«Ақтөбенің айнасын» анықтауға атсалысыңыз

«Қазақстан» РТРК» АҚ Байланыс және ақпарат саласы мамандарының күніне орай аймақтық филиалдары қызметкерлерінің арасында байқау ұйымдастырғанын тағы бір еске саламыз.

Байқау ережесіне сай, қазір алғашқы кезеңде сайт арқылы үміткерлерге дауыс беру жүріп жатыр.

Бүгін назарларыңызға «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасы өткізіп жатқан «Ақтөбенің айнасы» байқауына қатысушылардың нәтижелерін ұсынамыз.

Телеарна қызметкерлері арасында өзгелерден оқ бойы озық тұрған жаңалықтар бөлімінің редактор-жүргізушісі  - Райгүл Еншібай. Оның еншісінде – 834 дауыс.

Екінші орында 605 дауыспен жаңалықтар бөлімінің редактор-жүргізушісі Гүлбағда Қайратқызы тұр. Ал, үздік үштікті тәмамдайтын тақырыптық бағдарламалар бөлімінің редактор-жүргізушісі Дархан Рахымжан.

Арнаның өзге қызметкерлерін қолдап, дауыс бергіңіз келсе,  http://vote.kaztrk.kz/04/  сілтемесі арқылы өтіп, таңдау жасай аласыз.

Алғашқы айналым қорытындысы 20 мамырда шығарылады.

Айта кетейік, жергілікті журналистер арасынан үздік шыққандар 21 мамыр мен 26 маусым аралығында өтетін республикалық байқауда бақ сынайды.

Онда «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның аймақтардағы өкілдіктерінің арасындағы бас жүлде - Гран-при иегері анықталады. Жеңімпаз бен І, ІІ, ІІІ орын жүлдегерлері корпорация басшылығының арнайы дайындаған дипломдары және бағалы сыйлықтарымен марапатталады. 

«Атырау ажары» байқауында алда келе жатқандар

«Арқа арнасының келбеті» байқауында алда келе жатқандар​

Хабарламаларға жазылу