Астанада жеңілдікті карталарды тарату мамыр айының соңына дейін жалғасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жеңілдікті карталарды тарату мамыр айының соңына дейін жалғасады

05.05.2016
Астанада жеңілдікті карталарды тарату мамыр айының соңына дейін жалғасады

4 мамырда қала маңына қатынайтын және экспресс-маршруттармен жүру үшін атаулы жеңілдікті карталар беріле бастады. Фототіркеуден өткен азаматтардың жеңілдікті санаттарына атаулы көлік карталары ақысыз негізде 2016 жылдың 31 мамырына дейін беріледі. Аталған картаны толтырып отыру қажет емес. Картаны алған кезде оны пайдалану ережелері туралы ақпарат бірге ұсынылады.

2015 жылдың тамыз-желтоқсан айларында фототіркеуден өтпеген азаматтар 2016 жылдың 11 мамырынан бастап «Жастар» сарайында орналасқан атаулы көлік карталарын беру пунктіне баруға тиіс. Олар өздерімен бірге жеке куәлік, мекен жай анықтамасын және жеңілдік алу құқығын растайтын құжатты ала келуі керек. Атаулы көлік карталары сол жерде беріледі.

Айта кетейік, осы жылдың 31 мамырына дейін атаулы көлік карталарын алып кетуге үлгермеген азаматтар оны жыл соңына дейін сату кассаларынан немесе пунктердің бірінен алып кете алады. Карталарды беру пунктері орналасқан мекен жайлар бұқаралық ақпарат құралдары мен Астана қаласы әкімдігінің сайтында (Astana.gov.kz) қосымша жарияланатын болады.

Электронды жолақы төлеу жүйесі пайдалануға енгізілгенше жеңілдікті санатқа жататын азаматтар қалалық қоғамдық көлікпен бұрынғыдай жеңілдік алу құқығын растайтын құжатты көрсетіп қана жүре алады.

Айта кетейік, атаулы көлік карталарын жоғалтқан немесе бүлдіріп алған жағдайда, оны жоғарыда аталған пунктерде немесе сату кассаларында ақылы негізде қалпына келтіруге болады.

Атаулы көлік карталарын беру пунктінің мекен жайы: «Жастар» сарайы (Республика даңғылы, 34)

Пункттің жұмыс істеу кестесі: Дс. – Сб. сағат 10:00-17:00 (үзіліссіз).

Қосымша ақпаратты 574-777 номері бойынша алуға болады.

Хабарламаларға жазылу