WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы Әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) америкалық боксшы Доминик Уэйдке (18-0, 12 КО) қарсы жекпе-жек өткізіп, 2 раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.
Доминик Уэйд кездесудің бірінші раундында-ақ нокдаунға түскен болатын. Екінші раундта Головкин америкалық бокшсыға ешбір мүмкіндік қалдырмады. Осылайша, Г.Головкин кәсіпқой бокста өткізген 35-ші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады.
Г.Головкин Д.Уэйдке қарсы жекпе-жекте WBA (Super) белбеуін 16-шы, IBO белбеуін 13-ші, WBC белбеуін 4-ші және IBF белбеуін 1-ші рет қорғады.
Головкин Доминик Уэйдпен болған жекпе-жекте 2 миллион доллар алды, ал, жекпе-жекке шықаны үшін Уэйдке 500 мың доллар берілді.
Айта кетейік, Лос-Анджелестің «Форум» аренасында өткен кездесуді «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы мен kaztrk.kz сайты тікелей эфирде көрсетті. Kaztrk.kz сайтының өзінен бір мезетте 14 мыңнан аса жанкүйер тамашалады.
Головкин-Уэйд жекпе-жегін мына жерден көре аласыз.