Референдум – демократияның жарқын көрінісі
Референдум – демократияның жарқын көрінісі. Саясаттанушылардың пікірінше, бұл – халықтың ел тағдырына тікелей қатысуына мүмкіндік беретін ең маңызды көпірдің бірі. Кешегі референдумда халықтың қатысу деңгейі жоғары болғаны байқалды. Бұл арнайы құрылған коалициялардың өңірлерді аралап, Конституцияға енгізілетін өзгерістерді түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізгенінің нәтижесі,- дейді мамандар.
Бауыржан Серікбаев, саясаттанушы:
Өркениетті елдердің барлығында да референдім жиі-жиі өтіп тұрады. Оны жиі өткізетін мемлекеттердің бірі Швейцария 2016 жылы, мысалы Ұлыбритания осы Еуропалық одақта боламыз ба, жоқ еуропалық одақтан шығамыз ба деген форматта референдум өткізіп отыр. Тағы да басқа мәселелер болса, сол халықтың көзқарасын білу арқылы шешім қабылданады. Сондықтан осы референдумның жиі өтуі бұл еліміздегі демократиялық процесстің орнығуына, саяси белсенділіктің артуына ықпал ететіндігі сөзсіз.
Депутаттар да референдум азаматтардың мемлекет басқаруына қатысу мәдениетін қалыптастыратынын айтады. Сондықтан оны тек саяси науқан емес, қоғам мен мемлекет арасындағы ашық диалогтың маңызды формасы деп бағалап отыр.
Айдарбек Қожаназаров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Бұл шыныменде біздің азаматтарымыздың, барша азаматтардың жаңа саяси жаңғыртуды қолдауды таңдағаны және біздің Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтің бағытын, бұл кісінің саясатын, Президентіміздің ұстанымдарын қолдаудың, бүкіл халқымызбен, елімізбен қолдағанының көрсеткіші. Өзіңіз қараңызшы 73% қолдап келді. 73% қолдау деген - бұл өте жоғары көрсеткіш. Әрбір елде бола бермейтін көрсеткіш.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Қызыл аймақтағы» ЖЭО 4 есе азайды
09.09.2026, 17:07
Қазақстанның статистикалық жүйесі жоғары бағаланды
09.09.2026, 17:05
Қазақстанда кез келген жобаға инвестиция салуға мүмкіндік артады
09.09.2026, 17:03
Президент қаржы нарығының дамуы туралы есепті тыңдады
09.09.2026, 17:00
Атырау облысындағы Құрманғазы бекетін жаңғырта бастады
09.09.2026, 13:21
Павлодарда қос азаматтықпен жүрген 27 адам анықталды
09.09.2026, 13:18
Отбасы үшін басты қолдау – баспана алуға көмек
09.09.2026, 13:15
Психологтардың мемлекеттік тізімі жасақталады
09.09.2026, 13:12