Араб шейхы 8 жастағы қазақстандық Сайора Шотпақоваға білім грантын табыстады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Араб шейхы 8 жастағы қазақстандық Сайора Шотпақоваға білім грантын табыстады

14.04.2016
Араб шейхы 8 жастағы қазақстандық Сайора Шотпақоваға білім грантын табыстады

Ата-анасы Әбу-Дабиде тұратын 8 жастағы Сайора Шотпақова мектепте оқуға арналған бір жылдық грантқа ие болды. Кішкентай қызға грантты БАӘ-ның Мәдениет, жастар және қоғамдық даму істерінің министрі шейх Нахайян ибн Мубарак Аль Нахайян табыстады, деп хабарлайды Tengrinews.kz

Сайораның әкесі Аслан Шотпақовтың айтуынша білім гранттарын құрамына 37 мектеп кіретін GEMS Education қоры үлестіреді. Мекеме гранттарды БАӘ-ның алғашқы президентінің жары, әйелдер құқығы үшін күрескен Фатима бинт Мубарактың құрметіне береді.   

Байқау бойынша әр мектептен бір қыз таңдалады. Ол үшін үміткерлер мектеп комиссиясынан сүрінбей өтуі тиіс.

«Гратнқа үміткерлер төрт талап бойынша іріктеледі: академиялық үлгерім, табиғатты қорғауға әрі өзі тұрып жатқан қоғамға қосқан үлесі (мысалы, кедейлерге көмек) және жаһандық адамның үлгісі болу. Дәстүрлі түрде грантты жоғары сынып оқушылары алатын. Ал, биыл комиссия Сайораны таңдады. Меніңше, ол бұл грантты алып отырған ең жас оқушы», - деді А.Шотпақов.

Қазір Сайора 3-ші сыныпта оқиды. Ол грантты былтыр иеленген, алайда ұйымдастыру шараларына байланысты ол қолына енді тиіп отыр.

«Мектепте ол қоқыс қалдықтарын қайта өңдеу, Күн энергиясы сияқты қайта жаңданатын энергия көздерін зерттеумен айналысты. Осыған қоса Сайора өзінің кітаптары мен ойыншықтарын сатып, түскен ақшаны Қызыл Крест арқылы Таяу Шығыс пен Африкадағы балаларға жолдаған. Сабақ үлгеріміндегі жақсы нәтижелерге қоса, ол төрт жыл бойы тенниспен айналысып, балетке қатысады. Комиссия осының барлығын ескерді деп ойлаймын», - дейді Аслан Шотпақов.

Хабарламаларға жазылу