Басты Жаңалықтар Денсаулық сақтау жүйесін реформалау күшейтілмек

Денсаулық сақтау жүйесін реформалау күшейтілмек

Премьер-министр Олжас Бектенов денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кеңесте МӘМС жүйесіндегі негізгі проблемалар да көтерілді. Қазір әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Қаржы министрлігінің қарамағына берілген. Бұл шешім жалған есеп пен қаржының мақсатсыз жұмсалуын болдырмауға және бақылауды күшейтуге бағытталған. Сондай-ақ жүйені цифрландыру, қаржылық бақылауды күшейту және процестерді автоматтандыру арқылы тиімділікті арттыру көзделіп отыр. Мамандардың айтуынша, жыл сайын МӘМС аясында шамамен 3,4 трлн теңге қайта бөлінеді. Сондықтан қаражатты басқару мен жоспарлау жүйесін жетілдіру – негізгі басымдықтардың бірі. Жиын қорытындысы бойынша бірқатар мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді.

Бақытжан Абдуллаев, ӘМСҚ басқарма төрағасының орынбасары:

Сөйлесу болып жатыр. Болмаса қаражатты басқа жаққа жұмсау мәселелеріне жол бермей оны алдын ала анықтай отырып, жұмыстар жүргіземіз. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүйесіне халықтың сенімділігін арттыру керек. Ашықтылығын көрсету және бөлінген қаражаттың, яғни ұтымды әрі тиімді пайдалану бойынша жұмыстар бар.
Бөлісу