Конституция мемлекет дамуындағы жаңа белесті айқындап берді
Ел тұрғындарының басым бөлігі қолдаған Ата заң- әділетті, қуатты мемлекеттің дамуындағы жаңа белесті айқындап берді. Референдум қолға алынған реформаларды халықтың қолдайтынын көрсетті дейді, Павлодарда конституцияның қоғамдағы рөлі мен оның жүзеге асырылу жолдарын талқылаған ғалымдар.
Бекен Сағындықұлы, филология ғылымдарының докторы:
Дәл осы преамбулада білім, ғылым, инновация, мәдениет деген бар. Біз болашаққа жасап отырған бағдарымыз осы дейді. Шын мәнінде біз соған көңіл аударуымыз керек. Менің көңіліме ұнап қайта-қайта айта бергім келетін тұсы осы мәдениет. Себебі, біз кез-келген мемлекет өркениетке жету үшін оның мәдениеті болу керек. Мәдениетке не кіреді? Бұл тіл, әдебиет, өнер.
Халық сеніміне ие болған Конституция қоғамда қызу талқыланып, көпшіліктің ұсыныс-пікірлері ескерілді. Таңдау ашық жасалды. Енлігі мақсат- Ата заңның іс жүзінде орындалуына әр азамат күш салуы керек дейді сарапшылар.
Ержан Әмірбекұлы, Әлкей марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің ректоры:
Мемлекеттік органдардың жұмысы, халықтар арасындағы ынтымақ, мемлекеттік басымдықтардың қайта қаралуы, заңдық нормативтік құжаттар қайта қаралатын болады. Екіншіден әрбір мемлекеттік мекеме, әрбір азамат өзінің мақсат, мүддесін қайта рәсімдеп, қайта қарап шығуына тура келеді. Және соның негізінде қысқа уақыттың ішінде біз мемлекетіміздің жаңа келбетін, жаңа кейпін әлемге паш паш етуіміз керек.
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16