Еріктілер 300 түп көшет отырғызды
Шымкентте жаңару күні аясында 300 түп ағаш егілді. 100-ден аса ерікті қолына күрек алып, шырша, қара ағаш және терек көшеттерін отырғызды. Белсенді жастар алдағы уақытта тағы 700 түп көшет егуді жоспарлап отыр.
Алтай Ордабеков, Baytaq жасылдар партиясы қалалық филиалының төрағасы:
15 наурызда қабылданған ата заңда екі жаңа бап қосылған. Қазақстанның әр азаматының борышы қоршаған ортаны сақтау. Жергілікті тұрғындар алдағы уақытта осы ағаштарға жаны ашып, сындырмай қараса, дұрыс деп ойлаймын.
Биыл 29 мың түп тал егіледі
Ал Атырау облысында биыл 29 мың түп тал егіледі. «Жаңару күніне» орай бүгін 200-ге жуық адам аймақта 5 мыңға тарта тал екті. Облыс орталығындағы «Жастар» саябағына 200 қылқанжапырақты ағаш отырғызылды. Тұрғындар серуендейтін аумақтарды көгалдандырып, жайлы орта қалыптастыру үшін бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады.
Эльмира Сыдықова, облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы:
Жалпы маусымдық кезең бізде сәуір айында басталады. Бүгін тек «Жаңару күніне» бастапқы шараларымыз жүргізіліп жатыр. Облыс бойынша 200-ге тарта адам қатынасты. Жастар, еріктілер, тұрғындар және мемлекеттік орган, мекемелер.
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сауалнама: Қазақстандық елде жүргізіліп жатқан өзгерістерді оң қабылдап отыр
19.03.2026, 20:57
Конституция мемлекет дамуындағы жаңа белесті айқындап берді
19.03.2026, 20:55
Digital Nauryz студенттік форумы өтті
19.03.2026, 20:51
Топтық кезең ойындары аяқталды
19.03.2026, 20:49
ТҮКШ саласына «Smart turmys» платформасы іске қосылады
19.03.2026, 20:20
Жамбыл облысында 2 жел электр станциясы салынады
19.03.2026, 20:13
Еңбек заңнамасына өзгерістер енгізілді
19.03.2026, 20:09
Елімізде кредитін бір ай төлемегендерге несие берілмейді
19.03.2026, 20:07