Бала асырап алу ережелері өзгерді
Елімізде бала асырап алу ережелері өзгерді. Енді бала асырап алуда басымдық ең алдымен туыстарына беріледі. Егер туыстары болмаса, онда заңды некеде тұрған ерлі-зайыптылар қарастырылады. Талап бойынша асырап алуышының тұрақты табысы, баспанасы, тіпті, баланың өзінің бөлмесі болуы шарт. Одан бөлек денсаулығы бала тәрбиелеуге жарамды болуы керек, міндетті түрде психологиялық дайындықтан өтуі тиіс. Сондай-ақ, бала асырап алғандар жыл сайын медициналық, психологиялық тексеруден өтіп тұруы міндеттеледі. Соттылығы мен тұрғылықты жері, азаматтығы жоқ адамдарға бала асырап алуға мүмкіндік жоқ. Ал бұрын асырап алып, кейін одан бас тартқандарға қайтадан бала асырап алуға мүлдем тыйым салынады.
Арман Жеделов, Қалалық балалардың құқығын қорғау орталығы директорының орынбасары:
Қазіргі өзгерістер бойынша ол асырап алушымен бірге тұратын адамдар да осы талаптарға сәйкес тексеруден өтеді. Олардың да соттылығы бар ма, тұратын адамдар. Олардың да әрекет қабілеттілігі бар ма? Психикалық есепте тұра ма сондай талап қоюға құқылы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы