Азаматтарға олар үшін қолайлы уақытта тіркелуге мүмкіндік беру керек  - Бақытжан Сағынтаев - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Азаматтарға олар үшін қолайлы уақытта тіркелуге мүмкіндік беру керек  - Бақытжан Сағынтаев

10.01.2017
Азаматтарға олар үшін қолайлы уақытта тіркелуге мүмкіндік беру керек  - Бақытжан Сағынтаев

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысы барысында министрліктерге азаматтардың келген жерінде уақытша тіркелу нормалары мен ережелері туралы ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

«Қазір қоғамда, бұқаралық ақпарат құралдарында азаматтардың уақытша тіркелуіне қатысты тақырып белсенді түрде талқылануда. Адамдардың сауалдары көп, ал, ақпарат жеткіліксіз. ХҚКО-ларда кезек көбейген», - деді Б.Сағынтаев.

Премьер-Министр ҚР ІІМ-іне ҚР АКМ-мен бірлесіп жаңашылдықты түсіндіру бойынша ауқымды ақпараттық жұмыстар жүргізуді және тіркеу шарасын барынша жедел жүзеге асыруды тапсырды. Б.Сағынтаев бұл «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының да міндеті екенін еске салды.

Премьер-Министр азаматтарға олар үшін қолайлы уақытта тіркелуге мүмкіндік беру керектігін және ол үшін ХҚКО-ында жұмыс істейтін терезелер санын барынша көбейтіп, қызмет көрсететін операторлар санын жеткілікті ету керектігін атап өтті.  

primeminister.kz

Хабарламаларға жазылу