Ол бала кезінен-ақ музыкаға жақын болып өсті. Қазақ пен қырғыздың, орыс пен татардың түрлі аспаптарында ән мен күйді құйқылжыта орындағанда ауыл-аймақ таңқалатын.
Есейе келе Кенен Әзірбаевтан бата алып, өнерге түбегейлі бет бұрады.
Қаламгер досы Әбіш Кекілбаев ол туралы: «Домбырашы Нұрғисаның қолына домбыра тисе, теңіз төрінде дауыл көтерілгендей, алай мен дүлейдің аласапыранына түсіп, дирижер Нұрғисаның қолына оркестр тисе, Алатау жапырылып, Атлант сапырылып кеткендей», деген екен.
Ол бар ғұмырын қазақтың рухын асқақтатуға арнады.
Халық әртісі Қанабек Байсейітов: «Нұрғисаның тұла бойы тұнған дыбыс. Оның денесінен бір жапырақ етті үзіп алып, лақтырып тастасаң, бүлкілдеп өлең айтып жатады», деген екен.
Композитордың шығармашылық өмірі туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін, сағат 19:00 елордадағы «Конгресс-Холл» сарайында сазгер шығармашылығына арналған «Нұр аға» атты концерт өтеді.