Қазақстан азаматтары жүргізуші куәліктерін арнайы оқу орындарында оқымай-ақ ала беретін болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан азаматтары жүргізуші куәліктерін арнайы оқу орындарында оқымай-ақ ала беретін болды

29.03.2016
Қазақстан азаматтары жүргізуші куәліктерін арнайы оқу орындарында оқымай-ақ ала беретін болды

Оның сөзінше, қазір елімізде аталмыш мәселеге қатысты заң жобасы қаралу үстінде. Егер ол күшіне енсе, елімізде мотоцикл мен өзге де көліктерді басқаруға мүмкіндік беретін жүргізуші куәлігін арнайы мектептерде оқымай-ақ алуға болады.  Ол үшін жүргізуші куәлігін алғысы келетін азаматтар халыққа қызмет көрсету орталықтарына барып емтихан тапсырулары керек. 

Министрді орынбасарының пікірінше, бүгінгі таңда елімізде жол ережесіне қатысты түрлі оқулықтар мен кітаптар жетерлік. Оның үстіне қазір интернеттен де жолда жүру тәртібіне қатысты көптеген ақпараттарды алуға болады. Яғни, еліміздің кез келген азаматы сол оқулықтар мен ақпараттарды пайдалана отырып, өздігінен дайындалып, халыққа қызмет көрсету орталығына барып, емтихан тапсыра алатын болса, жүргізуші куәлігін алады.

«Яғни, болашақта арнайы мектептерде оқу үшін уақыт шығындаудың қажеті жоқ. Бұл мәселеге қатысты заң талаптары биылғы жылдың 1-сәуірінен бастап күшіне енеді»,-деді министрдің орынбасары.

Хабарламаларға жазылу