Мұхтар Әуезов театрында пресс-тур өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұхтар Әуезов театрында пресс-тур өтеді

08.08.2015
Мұхтар Әуезов театрында пресс-тур өтеді

14 тамызда Алматыдағы Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры алғаш рет театр ғимаратында БАҚ өкілдері мен блогерлерге арнап пресс-тур өткізеді.

Пресс-турдың негізгі мақсаты – М.Әуезов театрының 90 жылдық мерейтойы қарсаңында, архитектуралық маңызды нысан саналатын театр ғимаратының сахнаның құрылымын, үнемі сахна сыртында қызмет атқаратын техникалық бөлімдерді, спектакльге қажетті бұйымдарды жасайтын, тігетін, бояйтын мамандардың жұмысын көпшілікке таныстыру.

Биыл 90-шы маусымның шымылдығын ашатын Әуезов театры − қазақ театр өнерінің қара шаңырағы. Бүгінде театрдың мол шығармашылық мұрасын көрермен жатқа біледі.

Театр ұжымы журналистерге театр мұражайындағы барлық бағалы экспонаттарды, театр сахнасының құрлымын, сахна сыртындағы костюмдер бөлімі, әрлеу бөлімі, бутафор, механикалық құрал − жабдықтар цехы тағыда басқа бөлімдердің спектакльді сахнаға дайындауға дейінгі атқаратын шығармашылық жұмыстарымен толықтай танысуына мүмкіндік жасап отыр.

Хабарламаларға жазылу