25-30 сәуір аралығында Талдықорған қаласында Қ.Қуанышбаев театрының гастрольдік сапары өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

25-30 сәуір аралығында Талдықорған қаласында Қ.Қуанышбаев театрының гастрольдік сапары өтеді

10.04.2016
25-30 сәуір аралығында Талдықорған қаласында Қ.Қуанышбаев театрының гастрольдік сапары өтеді

2016 жылдың  25-30 сәуір аралығында Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейтойы аясында Астана қаласының  Қ.Қуанышбаев  атындағы  Мемлекеттік  академиялық  қазақ музыкалық драма театрының  Талдықорған қаласында гастрольдік сапары өтеді, деп хабарлады театрдың баспасөз қызметі.

Қаллеки  театрының  ұжымы  бір  апта  көлемінде Талдықорған қаласының тұрғындары мен қонақтарына 7 спектакльді тарту етпек, олар:  В.Ежовтың «Тыраулап ұшқан тырналар» лирикалық драмасы, Ш. Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» драмасы;  Е.Жуасбектің «Сен үшін» комедиясы; А.Дударевтің «Кеш» драмасы; Ш.Мұртазаның  «Бір кем дүние» драмасы,. М.Байжиевтің «Тіл табысқандар» комедиясы; М.Әуезов пен Қ.Ысқақтың «Қараш-қараш» драмасы, М.Машадудың «Бразилия байлығы» ертегісі.

Спектакльдер – І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында өтеді.

Театр өнерінің дамуына үлесін қосып жүрген Қ.Қуанышбаев атындағы  Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының Талдықорған қаласына жасап отырған бұл сапарының бірден-бір мақсаты -  қала тұрғындарына Астананың мәдениетін паш ету және де екі театрдың бір-бірімен тәжірбие алмасуына септігін тигізу.

 

Қойылымдар кестесі:

25 сәуір - В.Ежовтың «Тыраулап ұшқан тырналар»  лирикалық драмасы;

26 сәуір – Ш. Айтматов «Ғасырдан да ұзақ күн» драмасы;

27 сәуір-А.Дударевтің «Кеш» драмасы;

 (Басталуы:17.00 Өтетін орны: Б.Римова атындағы драма театры сахнасында)

27 сәуір- Е.Жуасбектің «Сен үшін» комедиясы;

(Басталуы:19.00. Өтетін орны:І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында)

28 сәуір - Ш.Мұртазаның «Бір кем дүние» драмасы;

29 сәуір - М.Байжиевтің «Тіл табысқандар» комедиясы;

30 сәуір М.Әуезов пен Қ.Ысқақтың «Қараш-қараш» драмасын тамашалай аласыздар. Басталуы:19.00

26 – 30 сәуір   аралығында сағат:11.00  Балаларға  арналған М. Машадудың  «Бразилия байлығы» атты ертегісін ұсынады. Режиссері: Ә.Оразбеков

Хабарламаларға жазылу