«Театр көктемі-2014» фестивалі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Театр көктемі-2014» фестивалі ашылды

19.03.2014
«Театр көктемі-2014» фестивалі ашылды

Алматыда «Театр көктемі-2014» фестивалі басталды. Жыл сайын Наурыз мерекесі мен Халықаралық театр күні қарсаңында ұйымдастырылған дәстүрлі өнер мерекесі биыл КСРО Халық әртісі Сәбира Майқанованың 100 жылдығына арналды.

 
Алдымен М.Әуезов атындағы академиялық драма театрында фотокөрме ұйымдастырылып, хас таланттың актерлік қыры мен адамгершілік қасиеттері туралы естеліктер айтылды.
 
 Мұнан соң салтанатты өнер мерекесі «Бейбарыс сұлтан» тарихи драмасымен ашылды. Бұл жолғы өнер бәйгесінің жаңалығы - «Сахна өнері: бүгіні мен болашағы» тақырыбына негізделген.
 
Онда театрдың бүгінгі бағыт-бағдарын анықтап, репертуар саласындағы өзіндік ізденістерге, драматургия, режиссура, актер өнерінің бүгіні мен ертеңін зерделейтін 16 баяндама оқылады.
 
4 күнге жоспарланған фестиваль аясында жаңа спектакльдер сарапқа салынып, үздіктер анықталады.
 
Оразхан Кенебаев, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:
Ол кісі - театрдың анасы болған адам. Ол кісіден қалай еңбектену керек екенін үйрендік. Еңбекке адалдықты, өнерге деген көзқарасты үйрендік.
 
Жазира ИСАЕВА

Хабарламаларға жазылу