М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының құрылғанына - 89 жыл (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының құрылғанына - 89 жыл (ВИДЕО)

13.01.2015
М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театрының құрылғанына - 89 жыл (ВИДЕО)

Қазақтың М.Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық драма театры – тұңғыш ұлттық мәдени-сахналық мекеме. Бүгін театрдың құрылғанына 89 жыл толды.

Алғаш театр ашу мәселесі 1925 жылы көтеріліп, 1926 жылы 13 қаңтарда Қызылорда қаласында М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясымен театр шымылдығы ашылды.

Алғашқы құрылған жылдары театр құрамында Елубай Өмірзақов, Серке Қожамқұлов, Қапан Бадыров, Қалибек Қуанышбаев, Құрманбек Жандарбеков, Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Қажымұқан Мұңайтпасов ойнады.

1937 жылы мекемеге академиялық театр атағы, ал 1961 жылы жазушы, драматург Мұхтар Әуезовтің есімі берілді.

 «Бұл театрда үлкен қасиет, үлкен өнеге бар. Мұнда қызмет етіп, осы мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін», - дейді ҚР Мәдениет қайраткері Жұмағали Маханов.

Айта кетейік, 21 қаңтарда театрда «Дон Сезар де Базан» қойылымының премьерасы өтеді.

Сюжетті «Таңшолпаннан» көріңіз.

Хабарламаларға жазылу