Пол Маккартни «Кариб теңізінің қарақшылары 5» фильмінде ойнайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Пол Маккартни «Кариб теңізінің қарақшылары 5» фильмінде ойнайды

26.03.2016
Пол Маккартни «Кариб теңізінің қарақшылары 5» фильмінде ойнайды

Британдық музыкант, әйгілі «The Beatles» тобының негізін қалаушылардың бірі Пол Маккартни «Кариб теңізінің қарақшылары 5: Өліктер ертегі айтпайды» (Pirates of the Caribbean: Dead Men Tell No Tales) фильмінің актерлік құрамына қосылды. Әзірге оның қай рөлді сомдайтыны белгісіз. Бұл туралы Deadline басылымы хабарлайды.

Картина 2017 жылы экранға шығады. Фэнтези жанрында түсірілетін фильмнің режиссерлері - Хоаким Роннинг пен Эспен Сандберг. Сценарий авторлары - Стюарт Битти, Тед Эллиотт, Джефф Натансон, Терри Россио, Джей Уолперт.

Туындыда, сондай-ақ, Джонни Депп, Кая Скоделарио, Хавьер Бардем, Орландо Блум, Брентон Туэйтес және т.б актерлер ойнайды. 

Хабарламаларға жазылу