Алматыда кино жұлдыздары мен мультфильм кейіпкерлерінің құмнан тұрғызылған образдары пайда болды (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда кино жұлдыздары мен мультфильм кейіпкерлерінің құмнан тұрғызылған образдары пайда болды (ВИДЕО)

25.04.2016
Алматыда кино жұлдыздары мен мультфильм кейіпкерлерінің құмнан тұрғызылған образдары пайда болды (ВИДЕО)

Алматыда құмнан соғылған ерекше композициялар пайды болды. Оларды әлемнің 12 мемлекетінен келген шеберлер тұрғызған.

Құмнан жасалған мүсіндер мен сәулет жобаларының фестивалі қала тұрғындары мен қонақтары үшін көрнекі орындардың біріне айналды. Әйгілі кино жұлдыздары мен мультфильм кейіпкерлері образдарының түр-түрі осы жерден табылады.

«Кинконг», «Аватар», «Жұлдыздар шайқасы», «Кариб теңізінің қарақшылары» туындыларының кейіпкерлері көрген адамды тәнті етеді. Олардың эмоциясы мен бетіндегі әжімдеріне дейін айна қатесіз құйылған.

«Үйіліп тұрған құмнан мүсін шығару - оңай шаруа емес. Бұл жерде шеберлік пен бірге жақсы-көңіл-күй, фантазия да керек», дейді  ресейлік мүсінші Тимур Абдулгалиев.

Мүсіндерді тұрғызу үшін шеберлерге тек құм мен су қажет. Биіктігі 2 метрден 8 метрге дейін жететін көркем жобаларға саусақ тиіп кетсе, үгітіліп түседі.

 «Жұмысты бірден бастап кету қиын. Сондықтан, алдымен эскизін сызып аламыз. Құм басқа материалдарға қарағанда өзгеше қасиетке ие. Өз ыңғайына қарай иіріп әкетеді», дейді ерекше қалашықты тұрғызуға атсалысқан шеберлердің бірі Руслан Арсланбаев.  

Құм қалашығы туралы өзге де қызықтарды «Таңшолпаннан» көріңіз.  

Хабарламаларға жазылу