Димаштың Нью-Иоркте өтетін концертіне билеттер бір жарым айдың ішінде сатылып кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Димаштың Нью-Иоркте өтетін концертіне билеттер бір жарым айдың ішінде сатылып кетті

06.11.2019

Димаш Құдайбергеннің Нью-Иорк қаласында өтетін концертіне билеттер бір жарым айдың ішінде түгел сатылды. Ең қызығы, осы сатылған 7000 билеттің 75 пайызын америкалық тыңдарман алған. Көрерменнің көптігін ескерген концерт ұйымдастырушылары тағы 2000 адамға билет әзірлемек. «Арнау туэр Инвой» деп аталатын жеке концерт БарклЭйс Центе аренасында 10 желтоқсанда өтеді. Осыған дейін бұл алаңда атақты хип-хоп стиліндегі әнші ДжейЗи-дан бастап, Пол Маккартни, Элтон Джонн, Селин Дион, Рианна, Крис Браун сияқты әлемдік шоу бизнес өкілдері өнер көрсеткен. 

Хабарламаларға жазылу