Walt Disney «Кариб теңізінің қарақшылары 5» фильмінде Орландо Блумды алмастыратын актерді тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Walt Disney «Кариб теңізінің қарақшылары 5» фильмінде Орландо Блумды алмастыратын актерді тапты

24.11.2014
Walt Disney «Кариб теңізінің қарақшылары 5» фильмінде Орландо Блумды алмастыратын актерді тапты

«The Giver» және «Maleficent» фильмдері арқылы көпшілікке таныс Брентон Туэйтес «Кариб теңізінің қарақшылары 5» картинасының актерлер құрамына енді. Оған бұрын Орландо Блум сомдаған британиялық солдат Уилл Тернердің рөлі бұйырды.

Картинаның қоюшы режиссерлері - Хоаким Роннинг пен Эспен Сандберг. Басты рөлде - Джонни Депп. Ал, фильмдегі зұлымның рөлін испаниялық актер Хавьер Бардем сомдайды.

Айта кетейік, «Қарақшылардың» 5-ші бөлімі Австралияның Квинсленд штатында түсірілуде. Фильмнің премьерасы 2017 жылдың 7 тамызында өтеді деп жоспарланған. Бұл туралы The Hollywood Reporter хабарлайды.

Хабарламаларға жазылу