50 жыл бұрын әйгілі The Beatles тобы тарады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

50 жыл бұрын әйгілі The Beatles тобы тарады

10.04.2020
50 жыл бұрын әйгілі The Beatles тобы тарады

1970 жылдың 10 сәуірінде The Beatles тобының мүшесі Пол Маккартни журналистерге берген сұхбатында топтан кететінін мәлімдеді. Топ тыңдармандары мен сарапшылардың айтуынша дәл осы күн «ливерпульдік төрттіктің» ресми түрде тараған күні болып саналады.

Топтың музыка саласындағы белсенділік жылдарында 13 альбом, 211 ән жарық көрді. Rolling Stone журналы The Beatles тобын барлық уақттың ең үздік орындаушылары қатарында бірінші орынға қойған. Ал Rolling Stone-500 тізімінде топтың Sgt. Pepper’s Lonely Hearts Club Band альбомы үзік деп танылған. Сонымен қатар, «үздік төрттік» 10 мәрте Грэмми жүлдесін жеңіп алған.  

Қазіргі таңда The Beatles мүшелерінің арасында Пол Маккартни мен Ринго Стар шығармашылық жұмыстарын жалғастыруда. Джон Леннон 1980 жылы қылмыскер қолынан көз жұмса, Джордж Харрисон 2001 жылы ауыр дерттен қаза болды. 


Хабарламаларға жазылу