Әлі күнге «Оскар» сыйлығын алмаған актерлер кімдер? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлі күнге «Оскар» сыйлығын алмаған актерлер кімдер?

18.09.2014
Әлі күнге «Оскар» сыйлығын алмаған актерлер кімдер?

Америка киноөнер академиясы биыл 86 рет «Оскар» сыйлығына лайықты үздіктерді анықтады. 2014 жылдың «Ең үздік ер рөлі» аталымына «Дауластық сатып алушылар» фильміндегі рөлі үшін  Мэттью Макконахи иеленді. Ал, осы «Оскар» сыйлығына лайықты, бірақ жылдар бойы ала алмай келе жатқан актерлер кімдер?

Голливудтың ең үздік киноларында топ жарып жүрген Бред Питт әлі күнге дейін «Оскар» сыйлығын алмаған актер. Ол «Он екі маймыл», «Бенджамин Баттонның жұмбақ  оқиғасы» және «Бәрін өзгерткен адам» фильмдері үшін «Ең үздік ер рөлі» аталымына үш мәрте ұсынылған. Актер «Оскар» сыйлығын алмаса да, көрермен үшін кинода ойнаған рөлдерімен үздік.

Сонымен қатар, «Кариб теңізінің қарақшылары» фильмінде капитан Джек Воробейдің рөлін сомдау арқылы кино алемінде бірден танымал жанға айналған Джонни Деп те 2004, 2005 және 2008 жылдары сыйлыққа ұсынылды. Бірақ, әр актердің арманына айналған мадақ Джонниге де бұйырмай келеді.

Леанардо Ди Каприо. Бұл актердің әлі күнге дейін «Оскар» сыйлығын алмағаны кез келген жанды таңғалдырары анық. 1998 жылы жарыққа шыққан «Титаник» фильмінде басты рөлді сомдайды.  Актер осыған дейін 30-ға жуық кинокартинаға түсіп, «Оскар» сыйлығына 4 рет ұсынылған.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу