«Таңшолпан». Кинодағы арнайы эффектілер қалай жасалады? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Кинодағы арнайы эффектілер қалай жасалады? (ВИДЕО)

15.08.2017

Бәріміз Голливуд фильмдерін жақсы көреміз. Ондағы шытырман сюжетті сүйсіне тамашалап, арнайы эффектілерді көз алмай қараймыз. Ал, сол эффектілер қалай жасалады?

«Пидің өмірі». Әлем көрермендерінің көзайымына айналған фильмнің негізгі сюжеті су үстінде өтеді. Өрімдей жас баланың өмір үшін күресі бейнеленген картинадағы іс-әрекеттерінің барлығы арнайы компьютерлік эффектілер арқылы жасалған. 

Атақты «Кариб теңізінің қарақшылары» фильмі де дәл осындай арнайы эффектілердің көмегімен түсірілген туынды жарық көргеннен-ақ үздік бағаланып, «Оскар» жүлдесін иеленді.

Биыл екінші бөлімі жарық көрген «Галактика сақшылары» киносында да көркемдеуіш тәсілдер шебер қолданылған.

Шытырман оқиғалы «Хоббит» кинокартинасындағы сюжеттің негізі компьютерлік монтажбен жасалған. Мұндағы таңғажайып табиғат пен сан алуан құбыжықтар авторлардың қиялынан туған. Бірақ кинода барлығы да шынайы көрінеді.

 

Хабарламаларға жазылу